Қалалық қоғамдық-саяси газет

Оқушылар серіктестіктің жұмысымен танысты

0 99

Бүгінде Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясында балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтырылуын ұйымдастыру мақсатында ілкімді істер жүзеге асуда. Соның жарқын дәлелі – таяуда мектеп жанынан ашылған «Балдәурен лагерінде 10-сыныптан құрылған көгалдандыру бригадасы кәсіптік бағдар беру бағыты бойынша «Тараз-Сүт» тауар белгісімен сүт өндіретін «Көкжиек-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне саяхат жасап, жұмысымен танысты. Оқушылармен бірге білім ордасының директоры Эльмира Қойлыбаева, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлжахан Жаныбекова және 10-сынып жетекшілері Гүлнара Молдабаева, Алма Сухамбаева, Рано Яхшибоева, Айша Тоқтарбаева да барып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
2000 жылы іргетасы қаланған кәсіпорын бүгінде қаймақ, сүзбе, биойогурт т.б. сүттен әзірленген өнімдерді нарыққа шығаруда. 47 адам еңбек ететін серіктестік сағатына 10 тонна дайын өнім жасай алатын қуатқа ие екен. Шикізаттың барлығы табиғи әрі жергілікті шаруалардікі.
Серіктестіктің тыныс-тіршілігіне қаныққан оқушылар сүт өнімдерінің жасалу технологиясымен де танысып, мол мағлұмат алып қайтты.

Эльмира Даданбаева,
Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.