«Есірткісіз Қазақстан» акциясы аясында Тараздағы №10 орта мектептің және үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің оқушылары Кинологиялық қызмет орталығына арнайы барып, жұмысымен танысты.
Шара аясындағы экскурсия барысында балғындар орталықтағы қызметтік-іздестіру иттерін өз көздерімен көріп, олардың қылмыскерлерді құрықтау кезіндегі іс-әрекеттеріне куә болды. Көкейде жүрген сауалдарын да жолдап, тұшымды жауаптар алды. Бұдан бөлек, балалар тәртіп сақшыларының төрт аяқты көмекшілерінің көрсетілімдерін тамашалап, орталықтың тыныс-тіршілігі туралы мол мағлұмат алып қайтты.
Лаура Абайқызы