Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жат қылық жастарды жарға жығады

0 1  607

Облыстық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Дәрмек» жедел алдын алу іс-шарасы аясында «Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжінде «Есірткісіз Қазақстан» акциясын өткізді.

Кинологиялық қызмет орталығының, қалалық ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығының, волонтерлермен бірлесе ұйымдастырған шара барысында тыйым салынған заттардың адам ағзасы мен психикасына қаншалықты зиян екендігі кеңінен сөз болды. Сондай-ақ ұйымдастырушылар студенттерді шаһардағы тұрғын үйлер мен ғимараттардың қабыр- ғаларынан есірткіні жарнамалауға қатысты граффити жазбаларды алып тастау бойынша іс-шараларға белсенді қатысуға шақырып, мұндай әрекетке барған адамдар қылмыстық жауапкершілік арқалайтынын баса айтты.
– Осындай іс-шаралар тұрақты негізде өткізіліп тұрады. Басты мақсатымыз – салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтырумен және спортпен белсенді айналысуға шақыру, жастардың санасында есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру, – дейді облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.

Құрбанәлі Аманкелдіұлы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.