Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ноғаевтың орынбасары қамауға алынды

0 167

  Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов қамауға алынды. Бұл туралы Ербол Еділов өзінің телеграм парақшасында жазды.

Қаржылық моноторинг агенттігінің өкілдері Нұрлан Ноғаевтың орынбасарын қамауға алды,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі cайтына сілтеме жасап Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Ербол Еділов өзінің телеграм парақшасында Ғалымжан Ниязовтың қамауға алу себебін айтып, сенімді дереккөздер хабарлағанын мәлімдеді.

«Дереккөз әкімнің орынбасары қызмет бабын асыра пайдаланып, Маңғыстау облысында жаппай наразалық шарасына әкеп соққан газ бағасының күрт қымбаттауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде ұсталғанын хабарлады», — деп жазды Ербол Еділов.

Әзірге Маңғыстау облысының әкімдігі бұған қатысты ресми ақпарат таратқан жоқ.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.