Қалалық қоғамдық-саяси газет

Наурыз — жақсылықтың жаршысы

0 662

Наурыз – бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйтқысы, жақсылықтың жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған мерекенің бірі. Сондықтан да бұл мейрамды Алаш жұрты асыға күтеді.

Тараз төрінде де атаулы күнге түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Сондай шаралардың легі №10 аумақтық округте жалғасын тапты.

Әуелі «Тараз локомотив жөндеу депосының» техникалық директоры Мақсат Шайдыханұлы, директордың жөндеу жөніндегі орынбасары Бағдат Сансызбайұлы, кәсіподақ төрағасы Рысқұлбек Асабаев сөз сөйлеп, ізгі тілегін білдірді. Сондай-ақ теміржол саласының дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға арнайы сыйлықтар мен Алғыс хаттар табысталды.

Сонымен қатар, жергілікті өнерпаздар мерекені әсем әнмен, сахналық көрініспен әрлеп, шырайын келтірді. Шарадан кейін көпшілік наурызкөжеден дәм татты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.