Қалалық қоғамдық-саяси газет

Нұржан Нұржігітов оқушылармен бірге ағаш көшетін отырғызды

0 512

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Т.Рысқұлов ауданындағы жұмыс сапары барысында Құлан ауылындағы Ш.Уалиханов атындағы орта мектепке барды.

2020 жылы күрделі жөндеуден өткен мектепте қазіргі таңда 320 оқушы білім алуда. Аймақ басшысы оқу ордасының жұмысымен танысып, оқушылармен әңгімелесті. Сондай-ақ еліміздің жарқын болашағы үшін балалардың білімді, жан-жақты болып өсуі керектігін атап өтті.

Аймақ басшысы мектеп оқушыларымен бірге ағаш көшеттерін отырғызып, жақсы тілек тіледі. Айта кетейік, ағымдағы жылы аудан бойынша 20 мың ағаш отырғызу жоспарланған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.