Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мониторинг нәтижесіде 1 млрд теңгеден аса бюджет қаражаты үнемделді

0 354

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп тым жоғары баға қою фактілерінің орын алуына мониторинг жүргізуде. Мониторинг нәтижесіде енгізілген ұсыныстар бойынша мемлекеттік органдармен мемлекеттік сатып алу жоспары қайта қаралып бүгінгі күнге 1 млрд теңгеден аса бюджет қаражаты үнемдеген,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Мысалы, ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 1 дана  акустикалық жүйе құнын 213 250 теңге деп жоспарласа (жалпы құны 8 дана үшін 1 706 000), тура сол көрсетікіштегі акустикалық жүйе құны нарықтағы бағасы 90 000 – 100 000 теңгені құрайтыны белгілі болды. Депатаменттің ұсынысымен, нарықтық баға негізінде оның соммасы қайта қаралып жалпы 1,0 млн. теңге көлемінде үнемделді.

Сол сияқты, жоспарлау барысында Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің «Жаңатас-Су-Жылу» мекемесі 1 дана  жұмысшы киімнің комплект құнын 24 000 теңгеден, барлығы 3 120 000 теңгеге 130 дана жұмысшы киімін сатып алмақшы болған. Департаменттен жіберілген ұсыныс хаттың арқасында бағалар қайта қаралып, 500,0 мың теңге  үнемделген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.