Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мойынқұмда мыс өндіріледі

0 634

Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласында өткен «ИННОПРОМ-2023» халықаралық өнеркәсіптік көрмесі аясында ресейлік компаниялармен В2G кездесулер ұйымдастырылды. Ауқымды шараға облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек бастаған жамбылдық делегация да қатысты.

Халықаралық көрме барысында Жамбыл облысының аумағында инвестициялық жобаларды іске асыруға өңдеу өнеркәсібі мен энергетиканың түрлі салаларындағы бірқатар ірі ресейлік компаниялар (Урал эластомерлік тығыздау зауыты, Piton Electric, «КОНАР» өнеркәсіптік тобы, «ЭНЭЛТ» компаниялар тобы және басқалар) қызығушылық танытты. Ресейлік компанияларға Жамбыл облысының инвес- тициялық мүмкіндіктері таныстырылып, ұсынылды.
«ИННОПРОМ-2023» халықаралық өнеркәсіптік көрмесі шеңберіндегі келіссөздердің нәтижесінде Жамбыл облысының әкімдігі мен Урал құрылыс одағы арасындағы жалпы көлемі 66,8 миллион АҚШ долларын құрайтын Мойынқұм ауданында мыс өндіру бойынша инвестициялық жобаны іске асыру туралы келісімшартқа қол қойылды.
Тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға бағытталған жұмыстар үздіксіз жалғаса бермек.

Дедек ТӨЛЕН

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.