Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Мені иноагенттер қатарына қосыңыздар»: Пугачева Ресей басқыншылығын сынады

0 410

Ресейлік әнші Алла Пугачева Ресей Әділет министрлігінен күйеуі Максим Галкиннің артынан оны да “иноагент” деп тануын сұрады. Ол елдегі болып жатқан жағдайларға қарсы екенін айтып, күйеуін жақтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап.

Ресейлік тележүргізуші, пародист Максим Галкин 16 қыркүйекте “иноагенттер» тізіміне енгізілді. Ресей билігі Галкин Украинадан қаржыландыру немесе басқа да көмек ала отырып, саяси қызметпен айналысады деп санайды.

Пугачева «Бейбіт өмірді, сөз бостандығын жоятын және елді адастырып, азаматтардың өмірін қиындататын иллюзиялық мақсаттарға қарсы» екенін пайымдап, күйеуін қолдайтынын айтты.

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Галкин соғысты қатты сынға алды. Ол сондай-ақ Бучадағы орыс сарбаздарының әскери қылмыстарына қатысты теріс пікір қалдырып, “мұны ақтауға келмейтінін” түсіндірді.

Эстрада жұлдызы өзінің соғысқа қарсы ұстанымын бірнеше рет айтқан, бірақ ол Украинадағы шабуылға тікелей түсініктеме берген жоқ

Пугачева пен Галкиннің позицияларынан соң, оларға қарсы шығушылар көбейді. Сәуірде режиссер Никита Михалков «Бесогон-ТВ» бағдарламасының эфирінде Пугачева, Земфира, Макаревич, Хаматова және т.б. Ресейден кеткен атақты адамдардың суреттерімен  «Не живи в нелюбимой стране» (“Жақсы көрмейтін елде өмір сүрме”) әнін қойды.

Алла балаларымен бірге тамыз айының соңында Израильден Ресейге оралды.

Әнші әлеуметтік желіге Горбачевтің суретін салып, қоштасу хатын жариялады.

«Мен көптен бері жыламадым. Бостандық пен еркіндікке қол жеткізген, бүкіл әлем үшін «зұлым империя» болуды тоқтатқан және балаларымыздың болашағын ойлайтын дәуір кетті. Ең бастысы, Горбачев зорлық-зомбылықты саясат пен өз билігін сақтау тәсілі ретінде қолданбаған» – деп жазды ол Инстаграм парақшасына.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.