Қалалық қоғамдық-саяси газет

«2 сыныпта оқитын баламның сөмкесі 4 кг тартады»: Қостанайлық тұрғын мектеп сөмкесінің ауырлығына шағымданды

0 113

Қостанайлық тұрғын қаладағы мектеп оқушыларының сөмкелерінің салмағы шамадан тыс ауыр екенін айтып, шағымданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Qostanay.TV Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Қостанай қаласының тұрғынының сөзінше, 2 сыныпта оқитын баласының сөмкесінің салмағы 4 килограмм жетеді.

«Менің балам 2 сыныпта оқиды. Бізде 5 сабақ болады және әр сабақтың өз оқулығы бар. Бұдан бөлек, міндетті түрде оқу құралдары мен кішкентай бөтелкедегі суды қосыңыз. Мұның барлығы оның сөмкесіне салмақ қосады, тіпті дене шынықтыру пәнінің формасынсыз сөмке 4 кг дейін жетеді», – деп жазады әйел.

Оның есебінше, барлық талаптарға сәйкес сөмкенің салмағы баланың салмағының 10 пайызынан аспауы тиіс.

«Неліктен мұны ешкім тексермейді, ал соңында мұның салдарынан балаларда сколиоз және омыртқаның қисаюы пайда болады. Неге екені белгісіз, сабақта балалардың бетперде киюі қажет болған кезеңде комиссия келіп, тексеру жүргізетін, ал бұл мәселе ешкімді алаңдатпайды. Біздің облысымызда мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау үшін бұл мәселені шешуге көмектесетін сенім телефоны бар ма?», – дейді жауап іздеген әйел.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.

error: Көшіруге болмайды! Редакцияға хабарласыңыз.