Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мемлекеттік қызметшінің шешімді әрекетінің арқасында жолда қалған 70-ке жуық азамат құтқарылды

0 544

Жамбыл облысы Талас ауданы Берікқара ауылдық округінің әкімі  Ербол Тамдыбекұлы Смайлов Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевтың алғыс хатымен марапатталды.

Ағымдағы жылдың 10-11 ақпанында Берікқара ауылдық округіне қарасты Майтөбе ауылының маңында орналасқан Тараз-Қаратау тасжолында шамамен 35автокөлік пен 70 тұрғын күшті боран салдарынан қар құрсауында қалды.

Ауылдық округ әкімі Ербол Тамдыбекұлы әкімдікқызметкерлерінің жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастырып, құтқару жұмыстарын жүргізу барысында ерекше көзге түсті.

Атап айтқанда, Қаратау-Тараз автомагистралінің бойында қасында екі немересі бар ауыл тұрғыныныңжолда қалғаны туралы хабарлама келіп түскен.Азаматтарды құтқару мақсатындажолға шыққан ауылдық округ әкімінің қызметтік көлігі жолда ақ боран салдарынанқардың астында қалады. Алайда шешімді әрекетінің арқасындаЕрбол Тамдыбекұлы екі немересімен жолда қалған азаматты жаяу іздеп жүріп тапқан. Аталған жердің кординаттарын округ аппаратының қызметкерлеріне ұялы телефон арқылы жеткізгеннен кейін әкімдік қызметшілері тез арада арнайы техника ұйымдастырып, жолда қалған азаматтарды қауіпсіз жерге жеткізген.

Төтенше жағдайлар қызметкерлері келгенше ауылдық округ әкімі жолда қалған өзге азаматтарды өз күшімен іздестіруді жалғастырып, жол үстінде түнеген.Осы уақытта округ әкімдігінің қызметкерлері бораннан аман қалған азаматтарды ауылда орналасқан мешіт пен орта мектепке уақытша орналастыру жұмыстарымен айналысады. Таң уақытымен Төтенше жағдайлар бөлімінің арнайы автокөлігімен ауылға жеткізілген әкім алдыменқар құрсауынан құтқарылған азаматтармен кездесіп, оларды ыстық шай, тамақ және т.б. керек-жарақпен қамтамасызетті.

Осылайша жолда қалған 70-ке жуық азамат құтқарылып, оларғаалғашқыкөмек көрсетілген. Округ әкімдігі мен төтенше жағдайлар қызметкерлері және де ауыл тұрғындарының арқасында 35шақты автокөлік жол жиегінен шығарылып, иелеріне тапсырылды.

ҚР МҚІА төрағасы арнайы жолдаған алғыс хатты Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Лесбек Илебаев табыстады.

Ербол Смайлов Жамбыл облысында дүниеге келген. Мемлекеттік қызметте 8 жыл еңбек өтілі бар.Бүгінде үш ұлмен бір қыз тәрбиелеп отыр.

 

ҚР МҚІА Баспасөз қызметі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.