Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмыс істеуі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басты назарында

0 480

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті мемлекет, біртұтас ұлт, берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекеттік қызмет істері агенттігі толыққанды стратегиялық HR институтына айналуға тиіс екендігін және елімізге сапалық тұрғыдан жаңа мемлекеттік басқарушылар керек деп», –  атап өтті.

Осы ретте, мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарының қорғалуы оның ішінде олардың тынығуы, бос уақытын отбасына немесе өзінің кәсіби дамуына арнауы кәсіби мемлекеттік аппаратты құруда үлкен рөл атқаратыны сөзсіз.

Сонымен қатар,жұмыскерлердің тынығуға құқығы бар екендігі ел Конституциясында да айшықталған.

Мемлекеттік органдарда орнатылған магниттік картаны немесе қол үлгісін, бет әлпетті сканерлеу арқылы жұмыс орынға кіруді белгілейтін қолжетімділікті бақылау және басқару жүйелерін мемлекеттік қызметшілердің персоналды басқару мәселелерін жүзеге асыратын«Е-Қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесімен интеграциялау жұмыстарыжүргізілді.

Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаментімен облыстағы мемлекеттік қызметшілердің негізсіз үстеме жұмыс жасауын болдырмау бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Мәселен, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде бірқатар мемлекеттік органдарында жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізіліп, оның нәтижесінде 6 қызметшіге жалпы 6 сағаттан астам демалыс уақыттары берілді.

Одан бөлек, жұмыс уақыты режимінің сақталуына қашықтықтан «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы мониторинг жүргізу нәтижесінде 68 мемлекеттік қызметшіге 115 сағаттан астам қосымша демалыс уақыттары берілді.

Сонымен қатар,2023 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 89-бабы бойынша әкімшілік істерді қарау Мемлекеттік қызмет істері жөніндегіуәкілетті органның құзыретіне берілді.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмыс жасау мәселелеріне мониторинг жүргізу нәтижесінде жұмыс берушінің мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытының заңсыз асыруы анықталған жағдайда,бірінші кезектелауазымды тұлғаларға ескерту жасауға,ал бір жыл ішінде қайталап жасаған жағдайда қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндеайыппұл салынатын болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.