Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің айғағы

0 347

Құрметті тараздықтар!
Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Бұл – еліміз үшін айрықша маңызды мейрам. Көк байрақ, Елтаңба мен Әнұран әрбір қазақстандықтың жүрегіне мақтаныш ұялатып, отаншылдық рухын асқақтатады.
Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін қасиетті белгілер. Халқымыздың өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың, ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі. Шұғылалы күн астында қалықтаған қыран бейнелі көк Ту еркіндікті сипаттаса, алтын қанатты қос тұлпар арасындағы шаңырақ бірліктің бейнесі ретінде елімізді мекендейтін барлық халықтың ортақ қонысы екендігін білдіреді. Тәуелсіздіктің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздерді қадірлеп, құрмет тұту – әрқайсысымыздың қасиетті борышымыз. Ел дербестігін бүкіл әлемге танытушы, халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын дәріптеп, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер жас ұрпағымыздың отансүйгіштік сезімін оятып, сенімін нығайтады.
Қадірменді жерлестер!
Баршаңызды осы бір айтулы күнмен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміз ғұмырлы болсын!

Бақытжан Орынбеков,
Тараз қаласының әкімі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.