Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мемлекеттік құпияны жариялаған экс-шенеулік сотталды

0 2  189

Қауіпсіздік кеңес хатшысының экс-бірінші орынбасары М. Шайхутдиновке қатысты сот үкімі шықты деп хабарлады turkystan.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік құпияларды жария ету, тыңшылық және мемлекеттік опасыздық фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеуді аяқтады.

2022 жылғы 21 қыркүйекте Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты М. Шайхутдиновты (Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары) Қылмыстық кодексінің 185-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, оны мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан және 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Қылмыстық іске қатысы бар Л.Скаковскийдің (ҚК-нің 175-б. 1б. – мемлекетке опасыздық жасау) және О.Жданның (ҚК-нің 176-б. – тыңшылық) кінәсі толық дәлелденді. Олар сәйкесінше 11 жыл 3 айға және 11 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Арнайы іс-шаралар кешенінің басқа да кезеңдерін іске асыруды ескере отырып, шет елдік арнаулы қызметтердің қай елге тиесілі екені және қылмыстық іске қатысы бар адамдар туралы өзге деректер жария етілуге жатпайды», – делінген хабарламада.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.