Қалалық қоғамдық-саяси газет

Айдос Жұқанұлы: Үкімет 578 мың адамның несиесін жауып берді

0 289

Белгілі журналист Айдос Жұқанұлы Президенттік сайлауға қатысты пікірін айтты деп хабарлады turkystan.kz.

«Шолу жасап отырмын. Латифундистер деген бар емес пе? Орыстың мақалындағыдай. «Шөп үстінде ит жатыр. Не өзі жемейді, не өзгеге жегізбейді». Кезінде жерді басып қалған да, елдің малын айырмен қуалап жүретіндерді айтам. Солардан үш миллиондай гектар жер мемлекеттік қорға қайтарылды. Мұны бір деп қояйық. Қазынаға қайтарылған дүниелер жайлы шолып отырмын ғой.

Екіншісі мынау. Бюджетті білдірмей тонап, қаржыны шетелге шығарып жібергендерден 523 млрд теңге қайтарылды. «Ескі жүйе» мен олигархтардың жегенін желкесінен шығарып жатыр. Бұл бер жағы. Әлі жегенін желім, ішкенін ірің қылатынына сенемін.

Үшіншісін айтайын. 1 млн 700 мың адам зейнетақы қорындағы ақшасын алып, үй алды, бар үйлерін жаңартты, тісін жөндетті дегендей. Бұлардың арасында өзім де бармын. Өйткені теңге инфляцияға ұшырап жатқан заманда, құнды кезінде пайдаланып қалайын деп шештім.

Тағы не бар еді? Иә, пандемия кезін ұмытпайық. 4 млн 600 мың адам қаржылай көмек алды. 42 мың 500 естеріңізде шығар? Тіпті 578 мың адамның кредитін жауып берді, біз жамандайтын өкімет.

Ал осының бәрін Тоқаев келген соң көрдік қой. Халықтың мүддесіне жұмыс жасап жатқанын қалай көрмей, білмей қаламыз?

Сондықтан әйтеуір өзім Қасым-Жомарт Кемелұлының кандидатурасын қолдаймын. Оның үстіне «AMANAT» партиясы да Тоқаевты ұсынып отыр. Демек олар да халық мүддесін ойлап отыр деген сөз. Қысқасы мен оң қолымды көтердім», – деді Айдос Жұқанұлы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.

error: Көшіруге болмайды! Редакцияға хабарласыңыз.