Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мемлекеттік көмек қалай тағайындалады?

0 521

Тараз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №66-8 «Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, Тараз қаласы бойынша отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы екі еселік күнкөріс деңгейінен (86 686 теңге) аспайтын, балабақшада тәрбиеленетін халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларды есепке алмай) ай сайын (3 450 теңге) бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға) ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Жоғарыда аталған көмек төмендегі санаттар бойынша көрсетіледі:
– мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға;
– денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдарға;
– жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
– қандастарға;
– экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдарға;
– «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасыларға;
– толық емес отбасыларға.
Қажетті құжаттар тізбесі:
– қызмет алушының өтініші;
– жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
– адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;
– салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқаларда ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Құжат қағаз жеткізгіште «Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-де қабылданады. Бұл жөнінде қосымша ақпаратты 54-47-03 байланыс телефоны арқылы алуға болады.

Тараз қаласы әкімдігі жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
әлеуметтік көмек көрсету секторы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.