Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылдық жайдарманшылар жоғары лигаға жолдама алды

0 502

Жуырда Астана қаласында өткен «Маусымашар-2023» Жайдарман ойынында Жамбыл облысының намысын 9 команда қорғаған болатын. Іріктеу ойындарының нәтижесінде «Медиум» және «Жуалы» командалары жоғары лигаға жолдама алды.

Осыған орай күні кеше астарлы әзілмен көңілдің кілтін тауып жүрген «Медиум» құрамасының мүшелерін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков арнайы қабылдады. Көңілді әрі тапқыр жастарды қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Абзал Есіркепов бастап келді.
Басқосу барысында «Жайдарлы жастар» КВН лигасы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, жоғары лигаға жолдама алған «Медиум» құрамасының капитаны Еламан Юсуп команданың алдағы жоспарларымен бөлісті.
Өз кезегінде шаһар басшысы жігерлі жастарға сәттілік тілеп, алдағы уақытта командаға қолдау білдіретінін және облыс намысын қорғап жүрген Тараз жастарына қашанда жанкүйер екенін жеткізді.
Кездесу соңында қала әкіміне республикалық «Жайдарман» ойындарының президенті Есен Елеукеннің арнайы Алғыс хаты табыс етілді.

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.