Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мемлекеттік бағдарламалар жүйелі жүзеге асуда

0 603

Қазақстанда кәсіпкерліктің, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуы экономикалық реформаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Шағын және орта бизнесті дамыту экономикалық өрлеудің және әлеуметтік-саяси жаңғыртудың басты құралы.

Осы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында басқарма тарапынан «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба», «Қарапайым заттар экономикасы», «Еңбек» бағдарламалары бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Шағын және орта бизнесті дамытудың арқасында өңірімізде жұмыспен қамту 2 есеге көбейген.

Жамбыл облысы бойынша 2022 жылы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде барлығы 13,3 млрд.теңге қарастырылды.

Облыста «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы нәтижелі түрде жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында жалпы сомасы 93,1 млрд. теңгені құрайтын 239 жоба қарастырылуда. Жалпы сомасы 69,6 млрд.теңгені құрайтын 184 жоба мақұлданып, оның ішінде 59,2 млрд.теңгеге 181 жоба қаржыландырылды. 2021 жылы 5,9 млрд. теңгеге 28 жоба қаржыландырылды.

Бағдарлама шеңберінде 3166 жаңа жұмыс орнын құру көзделуде, салық төлемдерінің өсімі 9,1 млрд.теңгені құрап, өндірістің ұлғаюы 92,9 млрд.теңгеге өсуі жоспарлануда.

2022 жылдың 1-ші cәуіріне облысымызда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 73 603 бірлікті құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,3%-ға артқан.

Облысымызда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 73 603 бірлікті құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,3%-ға артқан.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.