Қалалық қоғамдық-саяси газет

Инветиция игілігін ел көреді

0 620

Жамбыл облысында индустриалды-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жалпы сомасы 56,6 млрд. теңге болатын 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Аталған жобаларды іске асыру барысында 758 жаңа жұмыс орны құрылады.

Жамбыл облысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны бойынша алдыңғы қатарда.

2022 жылдың 1-тоқсанында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 63,1 млрд.теңгені құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 13,0%-ға артты. Оның ішінде, бюджеттік инвестиция 23%-ды құраса, меншікті қаражат есебінен салынған инвестиция көлемі 77% құрады.

Үкімет пен Жамбыл облысы әкімдігі арасында қол қойылған меморандум аясында 2022 жылға 520 млрд.теңге көлеміндегі индикатор бекітілді.

2022 жылға белгіленген индикаторға қол жеткізу бірқатар ірі инвестициялық жобалар бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау есебінен, сондай-ақ шетелдік инвесторлардың қатысуымен жоспарланып отыр.

Жалпы 2022-2025 жылдар аралығында шет елдің қатысуымен 1,6 трлн. теңгеге 11 инвестициялық жобалар іске асып, 4626 жаңа жұмыс орындары ашылады. Аталған көрсеткіш ағымдағы жылы шет елдің қатысуымен біршама инвестициялық жобалар құрылыс жұмыстарын бастауымен орындалады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.