Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

0 3  601

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – бұл шартсыз және шартты ақшалай көмек түрінде облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген айлық табысы кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға мемлекет тарапынан ақшалай нысандағы төлем. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы заңға сәйкес, жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі.

Қазақстан Республикасы бойынша кедейлік шегінің мөлшерін орталық атқарушы орган мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне қарай пайыздық мәнде орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы негізінде айқындайды.
Атаулы әлеуметтік көмек кімдерге тағайындалмайды?
1. Табысы аз адамдар болып табылмайтын адамдарға (отбасыларға);
2. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан адамдарды қоспағанда, отбасына – еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай ішінде;
3. Бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылған және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелер алушының кінәсінен орындалмаған жағдайда адамға (отбасына) – атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінер алдындағы алты ай ішінде;
4. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған ақпарат және (немесе) дәйексіз құжаттар ұсынған адамдарға (отбасыларға) ұсынған күнінен бастап алты ай ішінде;
5. Учаскелік комиссияның материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша дайындалған қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.
Атаулы әлеуметтік көмекті алуға үміткер тұлғаның жиынтық табысын анықтау атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасалған кезде ұсынылатын құжаттардың және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің негізінде жүргізіледі.
Атаулы әлеуметтік көмекке қалай өтініш білдіруге болады?
АӘК-ке азаматтар өз бетінше «Электрондық үкімет» www.e-gov.kz порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе Халықты жұмыспен қамту орталығына (Желтоқсан көшесі, 78 үй) өтінішін тапсыруына болады.

Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту
орталығының әлеуметтік көмек көрсету бөлімі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.