Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мемлекет басшысы 9 айда 112 796 шақырым жол жүрген

0 408

Қасым-Жомарт Тоқаев тоғыз ай ішінде  112 796 шақырым жол жүріп, оған 181 сағат 36 минут уақыт жұмсаған. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік  Уәли Мемлекет басшысының  лауазымына кіріскен сәттен бастап атқарған жұмыстарына қорытынды жасаған брифингке хабарлады.

Тоқаевтың қатысуымен 9 айдың ішінде 463 шара өтіпті. 249 қабылдау өткізіп, ел ішіндегі өңірлерге 25 рет жұмыс сапарымен барған. 31 елдің басшысымен телефон арқылы сөйлесіпті.

12 елге сапармен барған: олардың қатарында Ресей, Армения, Германия, Қытай, Қырғызстан, АҚШ, Түркіменстан, Өзбекстан елдері бар. 9 халықаралық жиынға қатысқан. 23 шетелдік елшіден сенім грамоталарын қабылдап, ынтымақтастықты нығайту мақсатында 100-ге жуық халықаралық кездесу өткізіпті. 6 мемлекеттегі дипломатиялық миссиялар елшілік ретінде қайта құрылған.

20 наурыздан бастап 45 заңға226 жарлыққа68 өкімге қол қойған. Президенттің қатысуымен өткен жиындар бойынша 49 хаттама толтырылған.

Twitter әлеуметтік желісінде қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде 862 твит жариялаған, оқырмандарының саны – 137 мың. Instagram желісінде 60 жазба қалдырған, ондағы оқырмандарының – саны 953 мың

Президенттің халықаралық сапары аясында шетелдік мемлекет басшыларымен бірлесіп 8 брифинг және 3 баспасөз мәслихаты өткен. Тоқаев туралы 26 деректі фильм түсірілген. 

Қиын жағдайға тап болған отбасыларға (көп балалы, мүгедек балалары бар отбасылар, жетім балалар т.б.) әлеуметтік көмек көрсету мақсатында 500 мыңнан астам азаматтың 300 мың теңгеге дейінгі несиелік қарызы мен үстеме төлемдері кешірілген. Жалпы алғанда 107 млрд теңге.

ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі мен Президенттің Виртуалды қабылдауына азаматтардан 1 тамыздан бері 15 669 өтініш келіп түскен, оның 4025-і Президенттің Виртуалды қабылдауы арқылы қабылданған. Осылардың бәріне уақтылы әрі тиісті жауап берілген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.