Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мал жайылымы – партия назарында

0 1  819

Өңірде жыл сайын мал саны артып келеді. Есесіне, ауылдардағы жайылым жер де тарылуда. Дегенмен «AMANAT» партиясы бұл мәселені назарға алып, оңтайлы шешілуіне ықпал етуде. Осы орайда, партия облыстық филиалының атқарушы хатшысы Дауыл Бейсенқұлов Жуалы ауданының Қарасаз және Нұрлыкент ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті. Атқарушы хатшы тұрғындарға «Жер аманаты» комиссиясы құрылғанын жеткізіп, комиссия жұмысының мән-маңызына тоқталды. Сондай-ақ ауыл халқымен аталмыш мәселе төңірегінде пікірлесіп, ұсыныстарына құлақ асты. Түлігін төскейге өргізіп отырған тұрғындармен бірлесіп мәселенің шешілу жолдарын қарастырды. Жайылым жер проблемасы бойынша партияның бастамасымен мәселеге қозғау салып, жергілікті әкімдікпен бірлесіп шешілуіне күш салатынын тілге тиек етті.
Тілге тиек ете кететін жайт, Жуалы ауданындағы Қарасаз ауылдық округінде 7625 гектар жайылым бар болса, оның 6140 гектары шаруа қожалықтары меншігінде. Бүгінгі күнге ауылдық округ үшін 8600 гектар жайылымдық жер қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі уақытта 11 шару қожалығына тиесілі 547 гектар жерді қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Яғни, аталған 547 гектардың 315 гектарын ауыл тұрғындарына қайтару бойынша меморандум жасалды. Қалған жерге шаруа қожалықтар өздерінің малын жайып отыр.
Сол секілді, Нұрлыкент ауылдық округінде 2486 гектар жайылым жер бар. Өз кезегінде ауылға 10741 гектар жайылым жер қажет. Қазіргі таңда аудандық жер қорынан 386 гектар жер берілді. Бұдан өзге 3563 гектар жерді алу бойынша 19 шаруа қожалығымен меморандум жасалды. Дейтұрғанмен, ауыл тұрғындары аталған мәселе аясында “Гамбург” ЖШС мен “Бурное Солар” күн стансасының жайылым жайылым жер берсе деген тілектерін жеткізді. Оның заңдылық жағы қарастырылатын болады.
Айта кетерлігі, бұл мақсатта партия облыстық филиалы аз жұмыс атқарған жоқ. Осыған дейін Байзақ ауданындағы мыңдаған гектар жайылым жерді тұрғындардың игілігіне қайтаруға атсалысты.

 

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.

error: Көшіруге болмайды! Редакцияға хабарласыңыз.