Қалалық қоғамдық-саяси газет

Майдангерлер рухына тағзым

0 608

Биыл Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске 79 жыл толды. 9 мамыр – Жеңіс күнінің төл тарихымыздағы орны ерекше. Бұл – ерлердің ерен ерлігін жадымызда жаңғыртатын күн.

Сұрапыл соғыста халқымыз орасан зор шығынға ұшырады. Майдангерлердің қаһармандығы мен тыл еңбеккерлерінің жанкештілігі арқасында жеңіске жеттік. Елдің азаттығы мен ұрпақтың жарқын болашағы үшін жанын пида еткен боздақтарымызды мәңгі есте сақтау және олардың рухтарына тағзым ету – қасиетті борышымыз.
Осыған орай Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Еске алу шарасына соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен олардың ұрпақтары мен туыстары, облыс тұрғындары жиналды. Сондай-ақ облыстық мәслихаттың, қоғамдық кеңестің төрағалары, құзырлы орган, зиялы қауым және этномәдени бірлестік өкілдері де қатысты. Жиналғандар майдан даласында қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, рухына тағзым етті.
Сонымен қатар Ұлы Отан соғысының тарихынан сыр шертетін «Даңқ» залындағы тарихи жәдігерлермен танысты. Айта кетейік, «Данқ» залы соғыс жылдарын бейнелейтін фотосуреттер мен экспонаттарға толы. Ғимаратта 1 миллион 500 мыңнан астам фотошежіре топтастырылған. Залдың 1941, 1942, 1943, 1944 және 1945 жылдарға арналған қабырғаларындағы суреттерде сол кезеңдегі соғыс көріністері бейнеленген. Жергілікті майдангерлердің 500-ге жуық медалі де залдан орын алған.

Еркін САЙЫН

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.