Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қала әкімі ардагерге құрмет көрсетті

0 453

Жеңіс күніне орай Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков Ұлы Отан соғысының ардагері Шалданбай Шанбаевтың үйіне арнайы барып, мерекемен құттықтады.
Шалданбай Шанбаев 1924 жылы 10 ақпанда Луговой (қазіргі Т.Рысқұлов) ауданының Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келген. Меркі аудандық әскери комиссариатынан 1942 жылы 15 тамызда әскерге алынған. Соғыстың соңына дейін ішкі істер әскерлерінің 227-ші полкі құрамында майданда болып, соғыс біткен соң да әскер қатарында қалдырылған.
Елге 1949 жылы оралған. Трактор бригадасының бригадирі, санақшы болып жұмыс істеген. 1959 жылдан 1984 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін «Жаңатұрмыс» колхозында есепші, бас есепшінің көмекшісі болған.
II дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Маршал Жуков» және бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған.
– Ардагерлерімізді ардақтап, олардың ерлігін үлгі ету – өскелең ұрпақтың айнымас борышы. Майдангерлерге деген құрмет ешқашан аласармайды. Сіздің ерліктеріңіз – жас буынға өшпес өнеге, таусылмас тағылым, – деді шаһар басшысы өз сөзінде.
Майдангер қария да өз кезегінде естеліктерімен бөлісіп, зұлмат күндердің енді қайталанбауын, ел мен жердің амандығын тілеп, ақ батасын берді.

Аман ЕСЕН

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.