Белгілі әнші Мақпал Жүнісова күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің өлерінен екі ай бұрын жазып кеткен хатын көрсетті. Жазбада марқұм әйелі мен қызына өлең арнаған, деп хабарлайды Экспресс К.
Әнші өзіне өлең арнаған күйеуінің хатын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Онда қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің отбасына арнаған өлеңін көруге болады. Хат 2005 жылдың 26 тамызында жазылған екен.
Күшейтер саған қорғанын,
Жау жеңіліп, сен жеңіп.
Үзерсің шынжыр торларын.
Әсем ән әлі құлпыртар
Жарық айдың толғанын.
Елің көрер ертең-ақ,
Мерей сендей болғанын.
Сендерге қидым қайшымен
Ғұмырымның қалғанын.
Өнерді мәңгі алғансың,
Алла берсін жалғасын! — деп жазылған хатта.
Мақпал Жүнісова өзіне өлең арнаған күйеуіне деген сағынышын жасыра алмады.
Зәкең өмірден өткен соң өз қолымен жазып кеткен жазба табылған еді. Бәрін сезген екен, екі ай 10 күн қалғанын кім білген?! — деді Мақпал Жүнісова.
Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділов 2005 жылдың 12 қарашасында өз үйінде жұмбақ жағдайда қаза болды. Ресми тергеудің айтуынша, ол өз-өзін үш рет атып суицид жасаған.
Мақпал Жүнісованың Мерейді Заманбек Нұрқаділовтің қызы емес деп айтқанын жазған болатын.