Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мәселені медиативтік жолмен шешу маңызды

0 1  231

Бидің бір ауыз сөзіне тоқтап, дауды өзара келісіммен шешкен қазаққа медиация жат емес. Атауы өзгергені болмаса, дала дауының барлығы ақсақалдардың медиативтік келісімінің нәтижесінде оң қорытындыланған.

Бүгінде не көп, дау көп. Дау-дамайларды оңтайлы шешу мақсатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медиация саласын дамытуды тапсырды. Осы мақсатта Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында «Халықтың құқықтық сауаттылығын және медиациялық қызметтерді арттыру» бойынша орталық өз жұмысын бастады.
Осы орайда Арнайы үйлестіру, ақпараттандыру тобы Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде лекция өткізді. «Келіссөздер процесінің негіздері, медиация және медиативтік құзыреттілік, жанжалдағы мінез-құлық» тақырыбында өрбіген жиынға медиатор Ирина Федорова, Тараз қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Анар Мұсаева арнайы шақырылды. Мамандар «Ересектер мен жастар арасындағы кикілжіңнің пайда болу себептері» және «Жанжалдағы мінез-құлық туралы» баяндамалар жасап, кез келген мәселені бітімгершілікпен шешу маңыздылығын баса айтты.

Айдар Айнабала

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.