Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мәртебесі биік міндет

0 219

«Nur Otan» партиясының Тараз қалалық мәслихатындағы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Оған «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Уәлихан Байдуанов қатысты.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Фракция барысында өңірдің өркендеуіне қосылған үлес пен партияның алдағы 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасының орындалуына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясының қалалық мәслихаттағы депутаттық фракциясының 2021 жылдың І жартыжылдығында атқарған жұмыстары талқыланды.

– Тараз қалалық мәслихатында партияның депутаттық фракциясының 19 мүшесі бар. Сайлаушылармен жыл соңына дейін өткізілетін іс-шаралардың желілік кестесі жасалған. Сол кестеге сәйкес әр ай сайын фракция мүшелерінің атқарған жұмыстары жинақталып, есебі жоғарғы органдарға жолданып отыр. Өткізілген іс-шаралар әлеуметтік желіге жарияланып тұрады. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалуын бақылауға фракция мүшелері жауапты болып бекітілген. Жол картасына енгізілген көрсеткіштердің орындалуын қадағалау мақсатында партия филиалы жанынан 8 қоғамдық кеңес құрылған, – деді отырысты жүргізген фракция жетекшісінің орынбасары Арман Қарағалиев.

Жиын барысында алғашқы сөз «Nur Otan» партиясының қалалық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшесі Әбделі Абдукаримге берілді.
– Қала тұрғындарының ұсыныс тілектері мен өтініштерін орындау мақсатында «Қайнар» балабақшасына баратын жолды асфальттау, «Төрткүл» алқабына балалар ойын алаңшасын және футбол стадионын салу, Әшімбаев көшесіне жарық, жол белгілерін орнату, тротуар салу және Әшімбаев пен Дүкенұлы көшелерінің қиылысына бағдаршам орнату, көше жарығы, «Бәйтерек» (13) мөлтек ауданының №19 үй артында аяқталмаған ғимаратты қоршау туралы, тұрғындарына стадион салу, Щусев және Менделеев көшелеріне жарық орнату, Тәуке хан көшесінің тұрғындары, аталған көшенің бойында заңсыз қоқыс тастайтындығы, «Төрткүл» алқабына балалар ойын алаңшасын және футбол стадионын салуды қолға алдық. Тұрғындармен кездесу жүргізіп, өтініш пен көтерген мәселелерін шешу барысында бірқатар жұмыстар жүргізіп, өз тарапымнан демеушілік көрсеттім. Оның ішінде балалар үйіне, мүгедектер мен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, қаладағы көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларына тұрақты түрде қарайласамын, – деді Әбделі Абдухамитұлы.
Келесі сөз «Nur Otan» партиясының Тараз қалалық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшесі, қалалық мәслихаттың заңдылық, азаматтар құқығын қорғау, құқықтық тәртіп және және гендерлік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Амина Қайназароваға берілді. Ол өз сөзінде құқық қорғау органдарының, білім беру мекемелерінің және қоғамдық құрылымдардың кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мемлекеттік органдармен орындалу барысы және жұмыспен қамту орталығының және қалалық атқарушы органдардың халықтың діни сауаттылығын арттыру туралы жұмыс барысына тоқталды.

– «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 13-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 Қаулысының нормаларына сәйкес және Тараз қаласы әкімі тарапынан келіп түскен, яғни «Тараз қаласының бірқатар құрамдас бөліктерін қайта атау туралы» ұсыныстың негізінде тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдауы ұйымдастырылды. Отырысқа қала әкімінің орынбасары, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Тараз қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы, Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының өкілдері, бөлім басшылары, бас инспекторлар қатысып, «Тараз қаласының бірқатар құрамдас бөліктерін қайта атау туралы» мәселесі талқыланды, – деді Амина Рысбекқызы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.