Қалалық қоғамдық-саяси газет

Экономикалық өсім жоғары

0 16

Қайтарымсыз қаржы – қайырлы грант. Жамбылда жарты жыл ішінде 3,5 мың адам қайтарымсыз қаржы алды. Қаржы ауқымы – 2 млрд теңге. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова айтты.

Зере ҚУАНЫШ

Брифингте спикер облыстың қаңтар-маусым айларындағы көрсеткіштеріне кеңінен тоқталды.

– Мемлекеттік бағдарламалардың көмегінің нәтижесінде облыстың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері былтырғыдан жоғары. Экономикалық өсім 5,4%-ды құрады. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, сауда, байланыс, салықтық түсім, жалақы, бюджет кірісі артты. 288,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, 14,9%-ға артты. 160,8 млрд теңге инвестиция тартылып, 12,2%-ға ұлғайды. Инфляция деңгейі 104,6%-ды құрады, жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрап отыр. Сондай-ақ 3,5 мың адам 2 млрд теңгеге қайтарымсыз грант алды. «Еңбек» бағдарламасы аясында 591 кәсіпкерге 2,5 млрд теңгеге шағын несие берілді. Жылдық жоспар бойынша биыл 1238 кәсіпкерге 6,1 млрд теңге беріледі. Ал «Жұмыспен қамтудың жол картасымен» кәсіпкерлік бастамаларды іске асыруға 1,9 млрд теңге шағын несие қаралды. «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында 982 кәсіпкердің несиесін ішінара кепілдендіруге 1,8 млрд теңге, 1079 кәсіпкердің несиесінің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға 4,7 млрд теңге берілді, – деді басқарма басшысы.

Бизнес секторына бөлінген қаржы да қомақты. Кәсіпкерлерге жалпы 8 млрд теңге шағын несие қаралып, 3,1 млрд теңгесі игерілген.

Спикер тұрғындар табиғи отыннан тарықпайтынын да атап өтті. Биыл 20 елді мекендегі 16 мың адам табиғи газбен қамтылып, үлесі 83,8%-ға жетпек. Қорытындысында 257 елді мекендегі 953 мың адам газбен қамтылмақ.
Тағы бір айта кететіні, Жамбыл облысында 2025 жылға дейін 2,9 трлн теңгені құрайтын 107 инвестициялық жоба іске асырылмақ.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.