Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мұрагерлік кеңесі ІІІ Карлды Құрама корольдіктің жаңа королі деп жариялады

0 388

Мұрагерлік кеңесі ІІІ Карлды ресми түрде Құрама Корольдіктің жаңа королі деп жариялады деп хабарлады turkystan.kz  ВВС-ге сілтеме жасап.

Құжатқа ең алдымен тақ мұрагері ханзада Уильям, одан кейін патшайым-консорт Камилла, Қауымдар палатасының көшбасшысы және кеңестің лорд-төрағасы Пенни Мордаунт, Ұлыбритания премьер-министрі Лиз Трасс және Кентербери архиепископы қол қойды.

Рәсімді ұйымдастырушыдан басқа қатысушылардың барлығы қара, күлгін түсті киім киген. Бұл қайтыс болған патшайымды жоқтау белгісі болып саналады.

Залдағы бірінші қатарда Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрлері – Джон Мейджор, Гордон Браун, Борис Джонсон, Дэвид Камерон, Тереза Мэй және Тони Блэр отырды. Олармен бірге британдық оппозиция көшбасшысы, лейбористер партиясының басшысы Кир Стармер бар.

Бұған дейін Ұлыбритания патшайымы II Елизавета Балморал сарайында 96 жасында қайтыс болғаны туралы жазған болатынбыз.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Королі ІІІ Карлға анасы II Елизавета патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.