Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мұндай тапсырма берген жоқпын – Президент әкесі туралы фильм түсіруді қолдамайтынын айтты

0 626

Бұған дейін әлеуметтік желіде продюсерлік орталықтың Кемел Тоқаев жайлы фильм түсірілетіні қызу талқыға түскен еді. Qazaqstan арнасына берген сұхбат барысында Қасым-Жомарт Кемелұлы мұндай тапсырма бермегенін және фильм түсіру бастамасын қолдамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Менің «Әке туралы ой-толғау» туралы кітабымның желісімен фильм түсірілетіні туралы естідім. Мен мұндай тапсырма берген жоқпын. Мұндай қолдамаймын. Дегенмен бұл менің өз кітабымнан бас тартамын дегенді білдірмейді. Кітапты мазмұнды деп санаймын. Себебі берері мол. Мұны ата-ана алдындағы борышым деп санаймын», – деді ол сұхбат барысында.

Айта кетейік, жақында Қасым-Жомарт Кемелұлының “Әке туралы ой-толғау” атты кітабының желісі бойынша көркем фильм түсірілетіні жайлы ақпарат тарады. Таралған фотода көркем туындының аты “Кемел” (Әке тағдыры) деп аталатыны және 2020-2021 жылғы сценарий деп көрсетілген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.