Қалалық қоғамдық-саяси газет

МӘМС жүйесіндегі мәртебені қалай білуге болады?

0 3  163

Сіз өзіңіздің мәртебеңізді келесі ақпараттық қызметтер арқылы тексере аласыз:
– «Qoldau 24/7» мобильдік қосымшасы;
– Ресми сайт – fms.kz;
– @ SaqtandyrýBot Telegram-да;
– Байланыс орталығы – 1414;
– «Damumed» мобильдік қосымшасы.
– egov.kz электрондық үкіметтің сайтының «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі арқылы алуға болады.
Сонымен қатар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС жүйесінде сақтандырудың мәртебесін тексерудің қолжетімді тәсілдерін кеңейту және соңғы 12 айдағы төлемдерді көрсету бойынша жұмыстар жалғастыруда. Енді Сіз мұны кейбір екінші деңгейлі банктердің мобильдік қосымшаларында жасай аласыз.
Алдыңғы 12 айдағы төлемдердің мәртебесі мен қолжетімділігін Халық Банкінің қызметі арқылы тексеруге болады. Ол үшін «Halyk» мобильдік қосымшасын орнату, авторизациялау, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімін таңдау, бұдан әрі «МӘМС» кіші бөліміне өтіп, ЖСН енгізу қажет.
Алдыңғы 12 айдағы төлемдердің мәртебесі мен қолжетімділігін «Центр Кредит Банкінің» сервисі арқылы да білуге болады. Мобильдік қосымшаны орнату арқылы BCC.KZ кіріп, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімін таңдап, әрі қарай «МӘМС ақпараты» бөлімінде ЖСН енгізу қажет.
«Kaspi.kz» мобильдік қосымшаны орнату арқылы «Kaspi Bank» арқылы да сақтандыру мәртебесін тексеруге болады. Авторизациядан кейін «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне кіріп, «МӘМС мәртебесін» таңдау керек.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ
Жамбыл облысы бойынша филиалы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.