Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мәдениет үйі жөндеуден өтуде

0 293

Мәдениет – қоғам айнасы, ұлт мәйегі. Әсіресе халықтың мәдени санасы көтерілмей, өзге салаларда ілгерілеу болмайды. Бұл тұрғыда мәдени нысандардың орны бөлек. Ал мәдени ордалардың көркеюі салаға серпін беріп ғана қоймай, тұрғындарға да жайлылық сыйлайды.

Бүгінде шаһардағы Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйі ағымдағы жөндеуден өткізілуде. Құрылыс жұмыстарын «Айт-Мус Құрылыс» ЖШС жүргізуде.
Қазіргі уақытта ғимараттың шатыры толық ауысып, қасбетін әрлеу жұмыстары бітуге таяу. Қалған үнемделген қаржыға мекеменің ішкі бөлмелері мен фойелері, көрермен залы жөнделеді. Құрылыс басында бүгінде 20-ға жуық адам еңбек етуде.

Дедек Төлен

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.