Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ұлттық нақыштар ұлықталуда

0 518

Қазіргі таңда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер туралы» Конституциялық Заңының 12-бабын басшылыққа ала отырып құрылған Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның 2023 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау барысын ақпараттық қолдау жөніндегі 2023 жылға арналған медиа-жоспар бекітілді.
Қаладағы мекемелерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 458-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын және олардың бейнелерін заңсыз пайдалану, сондай-ақ Мемлекеттік Гимнін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып пайдалану және орындау және 2-тармағында Мемлекеттiк рәміздерді пайдалану мiндеттi болған жағдайларда оларды пайдаланбау лауазымды адамдарға 50 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынатындығы туралы арнайы хат жолданды.
Тараз қаласы әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, қаладағы 96 мекемені зерделеу жоспарланып, 46-сына Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану және қолдану барысына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесі маусым айында комиссия отырысында қаралады.
Сондай-ақ ағымдағы жылдың 17 сәуірі күні ҚР Мемлекеттік рәміздер мен ведомостволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия қаладағы 29 мекемеге мемлекеттік рәміздерді пайдалану және қолдану барысына зерделеу жұмыстарын жүргізіп, оң баға берілді. Осы күні «Қоғамдық келісім» КММ-де ҚР Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық инспекциялық топтың қатысуымен семинар ұйымдастырылды.
Осы орайда биыл Мемлекеттік рәміздер күніне орай қалада ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылатын айта кеткен абзал. Мәселен, мерекеге орай «Көк байрағым – елдігім, еркіндігім!» атты әдеби-сазды кеш, «Мемлекеттік рәміздер» атты сайыс, «Мемлекеттік рәміздер – ел мәртебесі» атты акциялар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау іс-шарасы, «Туған жерім менің –
Қазақстаным!» патриоттар форумы аясында шеру өткізіледі. Мұның барлығы елдігіміздің нышанына айналған мемлекеттік рәміздерімізді ұлықтауға бағытталған.

Гүлназ Сматилдаева,
Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.