Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ұлттық экономика министрі азық-түлікке айына қанша теңге жұмсайтынын айтты

0 371

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев азық-түлік сатып алуға күн сайын қанша теңге жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Министрге “азық-түліктің қымбаттауынан, қазақстандықтардың бағаның үнемі өсуіне қатысты шағымынан хабары бар ма?” деген сұрақ қойылды.

Ерғалиев баға тек Қазақстанда емес, бүкіл әлемде өсіп жатқанын атап өтті. Әлемдік инфляция 33%-ке жетсе, Қазақстанда оның деңгейі 8,9% шамасында.

Күніне азық-түлік сатып алуға қанша теңге жұмсайсыз деген сұраққа жауап беріп жатып, министр шатасып кетті.

«Отбасымызбен күніне тамаққа 50-60 мың теңге жұмсаймыз», – деді министр мәжіліс кулуарында. Бірақ «бұл бір айда ма?» деп нақтылаған кезде «иә» деп жауап берді.

«Біз де нан, сүт, қант сатып аламыз. Біздің де отбасымыз сіздердікіндей», – деді Ерғалиев.

Ол қазір үкімет халықтың табыс көзін арттыру үшін қолдан келгенін жасап жатқанын атап өтті. Бұл үшін түрлі мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп, жаңа жұмыс орындары ашылуда.

Айта кетері, қазақстандық министрлер еңбек өтіліне қарай орташа есеппен 600 мыңнан 1,2 миллион теңгеге дейін жалақы алады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.