Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ұлт көшін бастаған көшбасшы

0 196

Көзі тірісінде-ақ қазақтың саяси да рухани көсемі танылған Әлихан Бөкейханұлының қалдырған бай да мол мұрасының бір үлкен саласы қазақ және орыс тілдеріндегі ғылыми–публицистикалық туындылары болып табылады. Алаш қозғалысы мен қазақтың тұңғыш саяси партиясы көсемінің бұл бай мұрасы бүгінгі Қазақстан Республикасының ұлттық интеллектуалдық меншігінің құн жетпес игілігі болып табылады.

Әлихан Бөкейханұлы – қазақтың тұңғыш кәсіби журналисі әрі жарқын публицисі. Әлихан атамыздың ғылыми публицистикасын XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы отаршыл империяның езгісіне қарсы күрескен бір Қазақстан емес, бүкіл отаршыл Ресей империясындағы тарихи оқиға құбылыстардың шежіресі деп батыл айтуға болады. Алаштың ұлы Әлихан өзінің мақала-очерктерін 30-дан астам бүркеніш есімімен жариялады. Олардың көпшілігін орыс тілінде пайдаланды. Қазір оның 1930 жылдардың ортасына дейін француздардың ықпалы «Фигаро» газетінде жарияланып тұрғаны туралы тың мәлімет анықталу үстінде.
Өзінің ғұмырында Әлихан төңкеріске дейін 4 газет, оның үшеуі орыс тілінде. «Иртыш», «Омичь» және «Голос степи» газеттеріне өзі редактор болса, қазақ тілінде тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін ұйымдастырды. Төңкерістен кейін қазақ тіліндегі «Темірқазық» және «Шолпан» журналын шығарып, 1929 жылдан бері шыға бастаған «Жаңа мектеп», «Әйел теңдігі» және «Сәуле» журналдарын ашуға негіз болды.
Міне, тақырып жағынан сан алуан әрі мол ғылыми-публицистік мұраның авторы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов қазақтың тұңғыш кәсіби журналисі деуге де, қазіргі қазақ публицистикасының негізін қалаушы деуге де толық негіз бар. Олай деуге алты Алаш көсемінің 1894 жылы Санкт-Петербургтың Омбыға бір емес, «ормантанушы-ғалым» әрі «заңгер» деген екі бірдей дипломымен оралған бойда қызмет жолын кәсіби журналист ретінде бастағаны ғана себеп болып отырған жоқ. 1937 жылдың шілдесінде Бутырка түрмесінде қолымен толтырған «Тұтқын анкетасындағы», «төңкеріске дейінгі мамандығың мен кәсібің не?» деген сауалға «ұлттық-территориялық Алашорда автономиясының төрағасымын» немесе «ормантанушы-ғалыммын», тіпті болмаса «жер бағалаушымын» деп емес, «журналистпін» деп жазғаны негіз болады.
Дегенмен де, Әлихан Бөкейханды қазақтың тұңғыш кәсіби журналисі әлі қазіргі қазақ публицистикасының негізін қалаушы деуге басты себеп – оның XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың 30-ыншы жылдарына дерлік кезеңдегі мерзімді қазақ басылымы мен қазақ журналистикасының және жалпы публицистика жанрының қалыптасып, өркендеуіне қосқан теңдессіз зор үлесі болып табылады.

Диана Қойбағар,
Талас ауданы, Қаратау қаласы, С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы.

Жетекшісі: Лаура Мелдебекова, тарих пәнінің мұғалімі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.