Қалалық қоғамдық-саяси газет

Желтоқсан оқиғасы – тәуелсіздік бастауы

0 304

Облыстық кино орталығында Ел егемендігінің 30 және Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай «Желтоқсан оқиғасы – тәуелсіздік бастауы» атты келелі кездесу өтті.

Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыс- тыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру, ұлттық сана-сезімін ояту мақсатында өткен шараға «Желтоқсан-86» бірлестігінің төрағасы Мұрат Бердалиев, орынбасары Исмаил Хаджымуратов, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының директоры Салтанат Төлеу және «Келешек-Тараз» ғылыми-интеллектуалдық мектеп-лицейі мен «Парасат» колледжінің білім алушылары қатысты.
Басқосу барысында колледж студенттері Бибарыс Серік пен Сабина Ақылжан ән мен жырдан шашу шашса, өзге студенттер арнау өлеңдерін паш етті.
Шара соңында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мәдениет және өнер бөлімінің бас маманы Ғани Нүрсейітов жылы лебізін білдіріп, мерейтойға орай әзірленген естелік сыйды табыс етсе, кино орталығының директоры Ерлан Утебаев іс-шараға атсалысқан барша жандарға алғысын айтты.

«ЖТ-ақпарат».

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.