Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ұлт бағына туған ұл

0 253

Көшбасшылар тарихты жасайды. Елдің бұлыңғыр болашағына батыл болжамдар айтып, көреген шешімдер қабылдайды. Тәуелсіздіктің ширек ғасырға жуық межесінде мемлекетімізде «көшбасшы» феноменін толықтай ашып, ұлтқа ұстын болған тарихи тұлға – сөзсіз Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ

Төрткүл дүниенің кіндігінде, маңдайын күнгейге тосып, бодандық бұғауынан босап, өз алдына жеке дербестік алып, алты құрлыққа аяғын алшаң баса бастаған шақта дүниенің дидарына «біз бармыз» деп кеудеге қол соқтырған да Нұрсұлтан Әбішұлы болатын. Көп векторлы саясат ұстанған еліміздің ең әуелде ядролық қарудан толықтай бас тартуы, тұрақты экономикалық өсудің траекториясына енуі, Елордамыздың Сарыарқа төсінен орын алуы, бірнеше қалыптасу және даму стратегиялары, Бес институционалды реформа, Ұлт жоспары, «100 нақты қадам» сынды маңызды құжаттардағы маңызды қадамдардың жүзеге асуы Қазақстанның алға батыл қадам жасауына зор екпін берді.
Ал бүгінгі қазақстандықтар бас ие мақтана, ыстық ықыласпен алғыс жаудыратын Елбасы шешімдерінің бірі – Қазақстан халықтарының Ассамблеясын құру екені
бесенеден белгілі.

Бүгінде өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан маңызды ұйым байтақ Отанымыздағы тыныштық пен бейбітшіліктің, ынтымақ пен татулықтың мінсіз үлгісіне айналып үлгерді. Қай заманда дұшпанына да жамандық тілемей, тағдыр тәлкегімен жер аударып келген өзге ұлт өкілдерін бауырына басып, басынан сипап, қиын күнде құшағын тосқан қазақ халқы үшін Елбасының бұл шешімі ұлтаралық татулықтың басты байлығымыз екенін айқындап берді. Береке мен молшылыққа, мамыражай күй мен бауырмалдыққа бой үйреткен халық үшін ғаламшардың әрбір тұрғыны бауырдай екені де ертеректен белгілі еді. Жуырда астанамыз Нұр-Сұлтанның төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Бір шаңырақ астында – биік мақсаттарға» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өткен болатын. Міне, сол жиында да Нұрсұлтан Әбішұлы іргетасы мығым, толеранттылық пен ұлтаралық келісімнің айнымас үлгісі болған ұйым құруда көзделген меже туралы баяндап өткен болатын.

– Мерейтойлық меже өткенге көз жүгіртіп, атқарылған жұмысты қорытындылауға себеп болып отыр. Ассамблеяның қандай қиын уақытта құрылғанын бәріміз білеміз. КСРО-ның ыдырауы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қалыптасуы, тарихи шиеленіс, ертеңгі өмірге деген сенімсіздік заманында іргесін қалады. Бірақ біз дәл сол кезде-ақ өзіміз үшін ұлтаралық татулықтың біздің басты байлығымыз болуы керегін түсіндік. Сондықтан 1992 жылы 14 желтоқсанда өткен Қазақстан халықтарының форумында жұртымыздың келісімі мен бірлігі болуға негізделген Ассамблея құру жөнінде бастама көтердім. Ал 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлыққа қол қойдым, – деген еді Елбасы.
Бұл ретте 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнінің қарсаңында этносаралық татулық пен келісімнің бірегей моделіне айналған Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, жоғарыда аталған маңызды жиынға қатысушылар тарихи тұлғаға деген ықыластарын жеткізуде.

Абдурахман Зайнутдинов,
Тараз қалалық «Өзбек орталығы» ҚБ төрағасы:

– Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, 1991 жылы 15 одақтас республика өзінің даму жолына түсті. Көптеген елдерден айырмашылығы, Қазақстан әрқашан өз бағытынан тайған жоқ. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарын дағдарыс кезеңі деп атауға болады. Түрлі экономикалық қиындықтар болды, адамдар айлап жалақы алмады, көптеген кәсіпорындар өз жұмысын тоқтатты. Осы кезеңде Қазақстанға елдің ахуалын түзетіп, дұрыс экономикалық жол таба алатын тұлға қажет болды. Ол – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев еді. Сол тұста Мемлекет басшысы «алдымен – экономика, содан кейін – саясат» қағидасы бойынша әрекет ете бастады. Қазақстанның инвесторларды тарту арқылы экономикалық батпақтан шыға бастаған жылдары жақсы есімде. Бірақ экономикалық мәселеден де басқа бірқатар түйткілдер күн тәртібінен түскен жоқ. Саяси жүйені де жетілдіру қажет болды. 90-шы жылдардың басында қазақстандықтардың шет мемлекеттерге көшіп кету деректері көбейгенін көзімізбен көрдік. Осыған байланысты Мемлекет басшысы этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары арасында өзара тиімді іс-қимыл жасап, халықтың бірлігін нығайту мақсатында жұмыс істейтін институт құру қажеттілігі туралы шешім қабылдады. Осылайша, 1995 жылы наурызда Мемлекет басшысының Жарлығымен жаңа қоғамдық ұйым – Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Жуырда өзге де дамыған мемлекеттер біздің елдің осындай ұйымдарды құру тәжірибесін енгізе бастады. 25 жыл ішінде Қазақстан халықтарының Ассамблеясы ел үшін үлкен рөл атқарды. Расында, біздің жағдайымыз шат-шадыман, көрші елдермен қақтығыстарға бармаймыз. Тұрақсыздықтың көптеген мысалдары бар. Көрші Қырғызстанда, Украинада, Белоруссияда, Арменияда және Әзірбайжанда болған оқиғаларға көз жүгіртуге болады. Біз бейбіт елде өмір сүріп жатырмыз, бұл ретте біздің Тұңғыш Президентіміздің атқарған істері орасан. Ол тұрақтылықты сақтап қана қоймай, сонымен қатар азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартты. Халықаралық аренада Қазақстан өзге мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттеу процестерінде маңызды рөл атқарады. Бізде көптеген ұлтаралық және конфессияаралық форумдар өткізіліп тұрады. Бұл біздің елдің толеранттылық деңгейін көрсетеді. Бүгінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жалғастыруда. Ол бейбітшілік пен экономикалық тұрақтылықты сақтау бағытында нәтижелі еңбек етуде.
Мен барша қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтағым келеді. Бұл – ел үшін маңызды дата. Нұрсұлтан Әбішұлы тілге тиек еткендей, елімізде бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрып, басымызда көк аспан орнасын!

Динара Нұралиева,
облыстық «Вынхуа» дүнген этномәдени бірлестігінің мүшесі, қалалық №34 мектептің директоры:

– Әкем – дүнген, анам – ұйғыр. Арғы аталарым – орыс, өзбек, татар және басқа да бірнеше ұлттан тарайды. Біз әрқашан татулық пен бірлікте өмір сүріп келеміз. Ешқандай ұлтқа бөлінбей, ортақ жерімізде бір үзім нанды бөліп жеп отырған жандармыз. Бұл ретте еліміздің басты байлығы – тұрақтылық екенін естен шығармауымыз қажет.

Елбасының ширек ғасырдан астам жүргізген саясаты бізге бейбіт өмір сыйлады. Одан айырылып қалуға ешқашан жол бермеу керекпіз, сол үшін де бейбітшілігіміздің берекесін берсін дейік.

Қордайдағы оқиғалар біздің жанымызға қатты батса да, Президентіміз қиын сәтте Қордайға келіп, халыққа қолдау білдірді. Барлығымыздың болашағымызға сенім ұялатты. Сол кезде біз бір халық, бір тағдыр, бір ел екенімізді тағы бір мәрте сезіндік. Қазіргі уақытта өміріміз бұрынғыдан да жақсарды деп нық сеніммен айта аламын. Өмір өз арнасына енді. Жақында сол аудандағы жақын туысым, ұлты дүнген ағамның үйінде болдым. Қақтығыс салдарынан өртеніп кеткен үйінің орнына ертегідегідей жаңа үй бой көтергенін көріп, қазақ елінің мәртебесінің біздің алдымызда тағы бір мәрте асқақтағанына көзім жетті. Осыған байланысты санада сұрақ туды: қандай да бір себептермен өртенген дүкендер, үйлер мен машиналарға байланысты даурығып, наразы боламыз. Ал қалпына келтірілген үйлер, жаңа жолдар, мектептер мен ауруханаларды, қайта қалпына келіп жатқан нысандарды неге байқамаймыз? «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» демекші, жаман ұлт жоғын білеміз. Тек жаман адамдар болады. Ал осы оқиғаға қатысты қылмыскерлер өздеріне лайықты жазаларын алып жатыр. Қылмыскерлерде ұлт та, дін де жоқ! Сондықтан да болар, біз, дүнген ұлтының өкілдері қазақ халқына шексіз ризамыз! Қазақстанда өшпенділік жоқ, болмайды да, оған дәлел – Елбасымыздың көреген шешімі мен қазақтың дархан жүрегі!

Қараша айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен «Бір шаңырақ астында – биік мақсаттарға» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өткен болатын. Өзім осы жиында Елбасының айтқан әрбір сөзіне, ел басқара жүріп жасаған батыл әрі сауатты қадамдарына тағы да риза болдым. Қазақстанда ғұмыр кешіп жатқан әрбір адамның, әр ұлт өкілінің аяғын алшаң басып, арқасын кеңге жіберіп, жергілікті халықпен етене жақын бауырласып ғұмыр кешуіне барлық жағдайды жасай алу кез келген ұлт көшбасшысының қолынан келмейді. Оған терең білім, парасат, келешекті болжай алу қасиеті, көрегенділік қажет. Ғаламның әр бұрышында тыныштығы шытынап, ел іргесінде от тұтанып, шырқы бұзылған қаншама халық бар. Олар әр таңды үреймен атырады. Оқ пен зеңбірек үнінен шошынған балалар бір күндік нанын тауып жеуге қауқарсыз. Елбасы бірнеше мәрте осындай елдердің басына бейбіт күн тудыру үшін Нұр-Сұлтанда Сириядағы дағдарыс бойынша Астана процесін ұйымдастырғанын да білеміз. Бұл Нұрсұлтан Әбішұлының тек еліміздегі тыныштықты ғана емес, жаһандық бейбітшілікті мұрат еткен тұлға екенін айғақтайды.
Бүгінгі таңда Жамбыл облысында аралас мектептерде мемлекеттік тілде білім беретін бірінші сыныптар көбейе бастады. Мектеп директоры ретінде өз ұсынысымды жеткізгім келеді. Егер республикамыздың әр өңірінде аралас мектептер кезең-кезеңімен мемлекеттік тілде білім беруге көшсе нұр үстіне нұр болар еді. Бұл шешім барлық қазақстандық балаларды кішкентай күнінен ешқандай бөлінуге жол бермей, қазақ тілін жетік меңгеруге жол ашатыны сөзсіз.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» демекші, бізде бір ғана ортақ мемлекеттік тіліміз, бір ғана ұлтымыз, бір ғана Отанымыз болуы тиіс! Осы ретте мен облыстық «Вынхуа» дүнген этномәдени бірлестігінің мүшесі ретінде жерлестерімді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын. Байтақ Отанымызды гүлдендіру жолында басты тұлғаға айналған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүріп өткен тағылымды жолы мен ерен еңбегі ұрпаққа үлгі болсын!

Бигелді Тәжібаев,
Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы:

– Расында, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуынан бастап мемлекеттік дамудың даңғылға түсуі жолындағы жұмыстардың басымы Н.Назарбаевтың есімімен байланысты, ерлігімен ұштасқан дүниелер екені даусыз. Сондықтан да Парламент қабылдаған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің 20 жылдығы декларациясында: «Ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда бірауыздан Мемлекет басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен іске асты. Республика Президентінің жетекшілігімен кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы, еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев халықты жарқын істерге жұмылдыру, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту, бүкіл халықаралық қоғамдастықтың ризашылығы мен құрметіне ие болған жаһандық және өңірлік бейбіт бастамалардың авторы ретінде елдің сыртқы саяси бағытын дәл айқындау ісіне орасан зор үлес қосты. Жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз саяси және әлеуметтік-экономикалық сілкіністерге ұшырамай, дербес дамудың өтпелі кезеңіндегі қиындықтар мен сынақтарды еңсеріп, ілгерілеу мен өркендеу жолына шықты», – деп жазылды. Бұл – даусыз шындық. Өйткені Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдарда әлем мойындаған мемлекеттердің қатарына қосылды. Терезесі түгел елмен тең деңгейге жетті. Ғасырлар бойы бабалар армандаған тәуелсіздіктің туы көкте желбіреді. 150-ден астам елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, өзге мемлекеттердің даму жолдарын саралай келе, өзінің даңғылын таңдады. Шын мәнінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды.

Бұл ретте мен татулықты тұғырына балаған Н.Ә.Назарбаевтың ел игілігі жолындағы тамаша бастамаларын жүзеге асыруға үлесімізді қосып, алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге шақырамын!
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні құтты болсын!

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.