Француздық «Пари Сен-Жермен» футбол клубының аргентиналық шабуылшысы Лионель Мессидің ПТР сынағы оң нәтиже берді. Бұл туралы команданың баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
Сондай-ақ, індет ПСЖ ойыншылары Хуан Бернат, Серхио Рико және Натан Битумазалда да анықталды. Қазіргі уақытта инфекция жұқтырған футболшылар оқшаулануда.
Ал жарақат алған бразилиялық клуб ойыншысы Неймар шамамен үш аптадан кейін жаттығуға оралады.
Дүйсенбіде ПСЖ Франция кубогының 1/16 финалында «Ванн» клубына қарсы ойнайды. 19 турдан кейін клуб 46 ұпай жинап, ел чемпионатының турнир кестесінде бірінші орын алды.