Қалалық қоғамдық-саяси газет

ШҚО-да жаңа туған нәрестелерді ауруханадан жаңа жылдық киіммен шығарды

0 151

Шығыс Қазақстан облысында Аягөз ауданаралық ауруханасында жаңа туған нәрестелерді аналарына ерекше киіммен табыстады. Бұл «дәстүр» бірнеше жылдан беру жалғасып келеді. Биыл нәрестелерге Аяз атаның киімін кигізді, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі  Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Медициналық мекеме ұжымы нәрестелерді ауруханадан шығару үшін жаңа жылдық киімдер тігеді. Киімдер санитарлық талаптарға сәйкес стерильденген. Қазір біздің босану бөліміне тәулігіне 5-6 нәресте дүниеге келеді», – деді Аягөз ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Шалқар Омаров.

ШҚО баспасөз қызметінде сәбилерге арналған киімдер аналарына ерекше ұнаған.

«Менің балам биыл мына сүйкімді киім мен бас киімді киді. Жаңа жылға арналған сыйлық секілді. Ең жақсы сыйлық деген осы емес пе? 2021 жыл біздің отбасымызға бала сыйлап, мейрам ерекшелене түсті. Ауруханамыздың ұжымына үлкен рахмет айтамын», – деді аналардың бірі.

Бұл мекеме тек жаңа жылдық мереке қарсаңында ғана емес, Наурыз мерекесі кезінде де сәбилерге ерекше киім кигізеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.