Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әлихан Смайылов жаңа Үкіметтің міндетін атады

0 594

Қазақстанда премьер-министр Әлихан Смайылов Үкіметтің жаңа құрамының алғашқы отырысын ашты, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Министрлер кабинетінің басшысы Үкіметтің жаңа мүшелерінің антын қабылдап, Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін атап өтті.

«Құрметті Үкімет мүшелері, еліміздің басына ауыртпалық түсіп тұрған қазіргідей күрделі кезеңде біз Мемлекет басшысының зор сенімін ақтауымыз керек. Біздер, Үкіметтің жаңа құрамы халықтың өмір сапасын жақсартуға, экономика өсімін сақтауға және пандемияны еңсеруге, лаңкестер мен бұзақы, тонаушылар келтірген орасан шығынды қалпына келтіруге, елімізді жаппай дағдарыстан шығаруға бағытталған Президент тапсырмаларын орындау үшін бар күш-жігерімізді аямай жұмыс істеуіміз қажет.

Бұл осындай аса ауыр жағдайда әлі ешқандай Үкіметтің алдында болып көрмеген өте күрделі де ауқымды міндет. Біз біртұтас команда болуымыз керек, халық біздің жұмысымыздан нақты нәтиже күтеді», – деді бүгін Үкімет отырысын ашқан Әлихан Смайылов.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.