Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әлем сәнгерлері әулиеата төрінде

0 349

Күні кеше Әулиеата төрінде «Aspara Fashion Week» сән апталығының Х маусымы шымылдығын түрді. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама мен туризм басқармалары, Тараз қаласы әкімдігінің қолдауымен «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінің «Шахристан» көрме павильонында ұйымдастырылған халықаралық сән апталығының жобасын 2017 жылдың басында әлемдік беделді киім дизайнерлерінің бірі Айдархан Қалиев жасаған болатын.

Сол жылдан бастап Қазақстанның оңтүстік өңірінде Еуропа мен Орталық Азияның дарынды дизайнерлерінің басын қосқан халықаралық сән көрсетілімдері өткізіліп келеді. Сән апталығының тек Тараз қаласында өтуінің өзіндік себебі бар. Көне шаһар – бір кездері Шығыстың атақты ақындары сұлуларын жырға қосқан және «Қазақстанның киелі картасына» кірген Қазақстанның ежелгі қалаларының бірі. Сондай-ақ ол Самарқанд, Түркістан, Бұқара, Хиуа және орта ғасырдың басқа да інжу-маржандарымен бірге Ұлы Жібек жолындағы ең танымал қалалардың ондығына енген танымал шаһар.

Дәстүрлі көрсетілімде Қазақстан сән әлемінің саңлақтарымен бірге Үндістан, Ресей, Италия, Голландия, Өзбекстан, Бруней, Татарстан, Әзірбайжан, Тыва және Сингапурдың белгілі дизайнерлерінің жұмыстары көпшілік назарына ұсынылды.

«Асыл-Дизайн» ЖШС бас дизайнері Айдархан Қалиев аталған шара жөнінде:
– Тараз күні кеше дүние- жүзілік қолөнершілер қаласының қатарына енді. Бұл біз үшін зор мақтаныш. Сондай-ақ аталған сән апталығы еліміздің шеберлерінің шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасуына зор мүмкіндік бере- ді, – дейді Айдархан Миралыұлы.

Төрт күнге жалғасқан сән апталығы қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше әсер сыйлады.

Жұмаш Жолболды

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.