Қалалық қоғамдық-саяси газет

Коронавирус пен тұмауға қарсы вакцинаны бірге алуға бола ма?

0 306

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа қарсы вакцина салынса грипптің вакцинасын алуға бола ма деген сұраққа жауап берді.

«Біз тұмауға қарсы вакциналауды үнемі өткіземіз. Қазір коронавирусқа қарсы да вакциналау жүргізіліп жатыр. Екі вакцина арасында 2-4 апта интервал сақталуға тиіс. Демек егер адам коронавирусқа қарсы вакцина алған болса, тұмауға қарсы екпені тек екі аптадан астам уақыттан кейін салғызуына болады. Әрине өзін жақсы сезінсе, еш жері ауырмаса,» –  деді Бекшин.

Сонымен қатар ол неге екі вакцинаны да алу қажет екенін түсіндірді.

«Бір мезетте коронавируспен де, тұмаумен де сырқаттанып қалған жағдайда ағзаға ауырлық түседі. Оны екінің бірі жеңе алмайды, әсіресе жасы 65-тен асқан созылмалы аурулары бар адамдарға ауыр тиюі мүмкін. Сондықтан екі екпені де алған дұрыс», – деді ол.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.