Қалалық қоғамдық-саяси газет

Композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті

0 275

Танымал композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті. Бұл туралы әнші Индира Елемес Instagram-парақшасында жазды.

«Арман ағау. Неге олай? Иманы саламат болсын, мекені жәннәт болсын!»  – деп жазды әнші Индира Елемес Желіде.

Индира Елеместің ресми өкілі бұл ақпаратты растап, композитордың жүрегі тоқтап қалғанын айтты.

Айта кетейік, Арман Дүйсенов 1974 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында туған. Ол – композитор, тележүргізуші, продюсер. Музыканттың еңбек жолы 1990 жылы Павлодар қаласында өткен ХХІІ республикалық жас орындаушылар байқауында жеңіске жеткеннен кейін басталған.

massaget.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.