Қалалық қоғамдық-саяси газет

Комиссия мүшелері біліктіліктерін арттырды

0 56

Жуырда Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасында сайлау процесін ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» тақырыбы бойынша жаңадан сайланған учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған семинар-тренинг өтті.

Жиынға Жамбыл облыстық және Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері және қалалық прокуратураның, бұқаралық ақпарат құралдарының, жергілікті атқарушы органның сайлау процесіне қатысты өкілдері мен жаңадан сайланған учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.
Басқосуда Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 11-1) тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №104/806 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру жөніндегі 2024 жылға арналған іс-шаралар кешеніне» сәйкес, «Қазақстан Республикасында сайлау процесін ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» тақырыбы бойынша жаңадан сайланған учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған дәріс оқылды. Сондай-ақ Тараз қаласындағы №86 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері «Дауыс беру күні» тақырыбында іскерлік ойын ұйымдастырып, семинар-тренингке қатысушыларға дауыс беру тәртібін түсіндірді.
Семинар соңында жаңадан сайланған учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері семинар-тренингте оқылған дәрістер аясында тестілеуден өтті.
Жиынды қорытындылаған Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов семинарға қатысқан учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне сертификаттар табыс етті.

Жұмаш ЖОЛБОЛДЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.