Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кітап оқыған – озар

0 330

2021 жыл Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы. Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі М.Әуезов атындағы қалалық кітапхана «Кітап оқы, талқыла, суретте» жобасын әзірледі,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Жоба аясында жас оқырмандар оқыған кітаптары туралы пікірін білдіріп, сонымен қатар өз ойларын сурет салу арқылы жеткізе білді.
Жобаға қатысушылардың саны 100 ден асқан. Шара барысында балалар кітап оқып, өздері таңдаған сәттерді қағаз бетіне түсірген. Жыл бойы «Кітап оқы, талқыла, суретте» жобасы аясында өткізілген іс-шараға белсене қатысқан оқырмандардың шығармашылығын бағалап, жеңімпаздарды анықтау үшін Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, «Өрімтал» Жамбыл облыстық балалар журналының бас редакторы Баймахамбет Ахмет, Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі – Камила Абашова, Тараз қалалық Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің директоры Ұлбосын Саулебаева қазылық етті.

Жиын барысында кітапханашы Сая Аққұман «Кітаптар мен бояулар әлемінде» тақырыбындағы кітап көрмесімен таныстырды. Барлық қатысушылар Алғыс хатпен марапатталды.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.