Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ұлттық білім беруде мұғалімдердің мәртебесі биік

0 1  646

Дәл қазіргідей бәсекеге қабілеттілікті аса талап ететін кезеңде мәңгілік кеңістігін аңсамайтын, мұрат тұтпайтын ұлт та, ұлыс та жоқ. Ал сол мұратқа жету жолын қамтамасыз ететін фактор – ұлттық құндылықтарды аялау. Қазіргі таңда жаһандық үдеріске жұтылып кетпес үшін құндылықтарды қадір тұтып қана қоймай, оны жаңғырту аса маңызды. Әсіресе білім беру ісі ерекше ұқыптылықты талап етері хақ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында: «Қазіргі жаһандық өзгерістер кезеңінде түлектің білімі еңбек нарығына шыққанға дейін-ақ жеткіліксіз болып қалуы әбден мүмкін. Сондықтан құзырлы министрліктің алдында оқу бағдарламаларын жаңа жағдайға бейімдеу міндеті тұр. Бұл – кезек күттірмейтін шаруа», – деп атап өтті. Осы жолда мұғалімдердің мәртебесін жоғарылату, жалақысын көтеру жұмыстары бүгін ғана басталған іс емес. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының сындарлы саясаты елеген-ескерген дүние. Мәселен, биылғы қаңтар айынан бастап педагогика саласы қызметкерлерінің жалақысы тағы 25 пайызға артады. Оны Президент соңғы Жолдауында «Сапалы білім беру» атты үшінші бөлімінде ерекше атап өткен болатын. Меніңше, жаңғыруды, жаңа мен ескінің арасында ұтымды шешімдер шығаруды талап ететін білім беру саласының мамандары үшін мұндай қолдаулардың маңызы басым.

Әлия АСЫЛДИН,
Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.