Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кино арқылы сананы билеуге болады

0 206

Біз тәңірдің жазуымен жазылған

Түсіп жүрміз өмір дейтін киноға.

Кино – өмір. Өмір – кино. Біз көріп жүрген қазақфильмдерінің басым көпшілігі шынайы тағдыр кейіпкерлерінен алынған. Сондықтан да, көрерменін баурап, қанша уақыт өтсе де өз деңгейін төмен түсірмейді. Қазақ кино өнерінің  алғашқы киношежіресі 1925 жылы таспаланған.

Одан кейінгі жылдарды киносыншылар бес кезеңге бөліп қарастырады. Әр дәуірдің даму деңгейі әртүрлі. Қиын замандарда да, киносүйер қауым үшін жақсы туындылар ұсынылып отырды. Қаншама уақыт өтседе бір ізділігін сақтап келе жатқан шығарылымдар жетістікке жетуде. Жетістік өз көрерменіне ой салу, психологиясына дұрыс әсер ету, жігерлі күш-қуат сыйлай алғанда орындалады. Соңғы режиссерлық еңбектерден кейін қоғам арасында кино саласы үшін оң пікірлер қалыптасуда.

Жоғары бағаланған туындылардың бірі «Шал» кинофильімі. Ермек Тұрсыновтың «Шал» картинасы Қазақстанда 2012 жылы «Жыл фильмі» атанған. Ал картинада басты рөлді сомдаған Ерболат Тоғызақов «Жыл киноактері» номинациясында «Алтын адам» сыйлығына ие болды.

Осы ретте М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің 1,2 курс студенттері режиссер Ардақ Тілеубаевпен кездесті. Кездесу барысында «Шал» фильімі көрсетіліп, психологиялық талдаулар жасалынды. Сондай ақ, студенттер осы сала бойынша толғандырған сұрақтарын қойып, маманнан жауап алды.

Дулати университетінің медиа-қызметі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.