Қалалық қоғамдық-саяси газет

Назарбаевтың тұсында қабылданған бағдарламаның күші жойылды

0 389

Бүгін өткен «Amanat» партиясының кезектен тыс ХХІV съезінде Нұрсұлтан Назарбаев төраға болған кезде қабылданған «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасының күші жойылды.

«Кеше партияның саяси кеңесі отырысында партияның жаңа саяси платформасын мақұлдау және оны партияның съезіне шығару туралы шешім қабылданған болатын. Бұған дейін құжат бастапқы партия ұйымдарында, партияның өңірлік және аумақтық филиалдарының конференцияларында қаралып, толықтай қолдау тапқан еді. Сондықтан бүгінгі сөз сөйлеулерді ескеріп, AMANAT партиясының жаңа саяси платформасын бекіту туралы қаулы қабылдау ұсынылады. Сонымен қатар, партияның жаңа саяси платформасының қабылдануына орай, партияның 2030 жылға дейінгі саяси платформасы мен бағдарламасын күшін жою ұсынылып отыр», – деді бүгінгі съезде «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов.

Осылайша, «Amanat» партиясы «Nur Otan» аталып тұрған кезде «2030 жылға дейінгі бағдарламасы» 2019 жылы қабылданған болатын.

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.