Қалалық қоғамдық-саяси газет

Үкімет басшысы министрлерге неге ұрыспайтынын айтты

0 180

Премьер-министр Әлихан Смайыловқа «жұмыс істемеген министрлерді қуып, батыл мінез неге көрсетпейсіз?» деген сұрақ қойылды, деп хабарлайды Экспресс К.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысына Үкімет басшысы Әлихан Смайылов келген. Отырыстан соң, ол тілшілердің алдында шығып, сұрақтарға жауап берді. Қаңтарда премьер-министр болған Әлихан Смайыловтың БАҚ өкілдеріне ашық түрде сұхбат беріп тұрғаны бірінші рет.

Үкімет басшысына тілшілердің бірі неге батыл емессіз? деп сұрады.

Премьер-министр болған кезде есіміңізді ұлт көсемі Әлихан Бөкейханмен салыстырғандар болды. Бірақ сізден ол тұлғадай батыл мінез байқамаймыз. Үкімет жиындарында жұмысында кемшілік жіберген шенеуніктерді жазалап,жұмыстан қуғаныңызды көрмедік, деді Серік Жолдасбай есімді журналист.

Үкімет басшысы жұмыстан қуумен мәселе шешілмейтінін, жұмысты кешенді әрі жүйелі ұйымдастыру қажет екенін алға тартты.

Мәселе, ұрсуда немесе жұмысынан қууда емес, бірігіп, алға қойған мақсатқа қол жеткізу. Маған мемлекет басшысы және қоғам тарапынан көрсеткен сенімді ақтауға тырысамын. Ал баға беретін — қоғам және мемлекет басшысы,деді Әлихан Смайылов.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.