Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ким Чен Ын Солтүстік Корея халқын тамақты аз жеуге шақырды

0 685

Ким Чен Ын бастаған Солтүстік Корея үкіметі халықтың аз тамақтануы керек екенін ескертті. Бұл шектеу 2025 жылға дейін Қытаймен шекара ашылғанша жалғаспақ, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kznews сайтына сілтеме жасап.

Daily Mail басылымының мәліметінше, Солтүстік Корея Қытаймен шекараны 2020 жылы пандемияға байланысты жапқан болатын.

Бұл қадам Солтүстік Кореяның экономикасына елеулі әсер етті. Қытайдан келетін тауарлар бағасы өсті, ал дүкендегі азық-түлік мөлшері азайып кеткен.

Дерек көздеріне сүйенсек, тұтынушылық тауарлардың жетіспеуі Корея халқының тыныс-тіршілігіне де зиянын тигізген. Адамдар тауар азаю салдарынан қыстан өту қиындайтынын айтып шағымданды.

Азық-түлік мәселесі ушығып тұр. Билік 2025 жылға дейін аз тамақтану жайлы айтқанда ашынудан басқа ештеңе істей алмаймыз, – деді Сыныйджу қаласының тұрғыны.

Ал Солтүстік Корея билігі елдегі жағдайды санкция, коронавирус эпидемиясы және табиғи апаттармен байланыстырды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.